Нұр-Сұлтан 27.8°
×
03.11.2021, 18:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада есірткі сатушы ұсталды

Нұр-Сұлтанда 25 жастағы есірткі “қойып кетуші” ұсталды, деп хабарлайды Elorda.info рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елордада есірткі сатушы ұсталды

Нұр-Сұлтанда азаматтардың қырағылығының арқасында тұрғын үй кешенінің баспалдақ алаңына есірткі жасырып жүрген 25 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

“102” пультіне “Highvill” ТК қауіпсіздік қызметінен шақырту түсті. 20-қабаттағы бейнебақылау камерасын қарау барысында баспалдақ есігінің астына белгісіз затты салған күдікті жас жігітті байқады. Патрульдік-күзет қызметінің наряды келгеннен кейін полиция қызметкерлері куәгерлердің қатысуымен синтетикалық есірткісі бар изолентамен оралған түйіншекті тәркіледі”, – делінген хабарламада.

Ұсталған азаматтың түсіндіруінше, жыл басынан бері мессенджер арқылы синтетикалық есірткіні сатып алып, қолданып келген.

Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды сол тектестерді заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері