Нұр-Сұлтан 15°
×
02.11.2021, 14:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ы.Алтынсариннің мерейтойына арналған байқау жеңімпаздары марапатталды

"Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы аясында қазақтың аса көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ-де "Ыбырай рухына тағзым" атты шығармашылық және көркемсөз оқуының марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Elorda.info.

Ы.Алтынсариннің мерейтойына арналған байқау жеңімпаздары марапатталды

Кеш шымылдығын «ОКЖ» КММ-нің директоры Гүлбадан Мәдібаева ашып, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы оркестрдің дәстүрлі әншісі Нұрболат Құсайынов көрерменге шат көңіл-күй сыйлады.  

Кеш қонақтары актриса, продюсер Айнұр Жүгінісова мен жас қаламгер, «Қыз өссе елдің көркі» кітабының авторы Әсел Қайратқызы жүлделі орындармен марапаттап, болашақ жас ұрпаққа ақ жол тілеп, Ы.Алтынсарин 180 жылдығы медальдары мен кубоктарын табыстады.

Бүгінгі «Ыбырай рухына тағзым» шығармашылық және көркемсөз оқу байқауына Интерноциональный кентінің №29 орта мектебі мен №74 «Дәурен» балабақшасы, Мичурино кентінің №43 қосымша білім беру мектеп орталығы мен №60 «Арай» балабақшасы, Теміржолшылар кентінің №29 орта мектебі мен №50 «Жұлдыз» балабақшалары атсалысты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері