Нұр-Сұлтан 17.1°
×
29.10.2021, 11:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалық жігіт «Технодомнан» қымбат құлаққаптарды жымқырып кеткен

Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жергілікті 21 жастағы тұрғынды ұстады. Тергеу барысында оның «Технодом» дүкеніндегі сөреден құны 50 мың теңге тұратын «True Wireless Earphones Air 2» маркалы сымсыз құлаққаптарды жасырын ұрлағаны анықталған, деп хабарлады Elorda.info.

Елордалық жігіт «Технодомнан» қымбат құлаққаптарды жымқырып кеткен

Жас жігіт дүкенде сөрелердің жанында адамдардың көп болып жиналып тұрған сәтін пайдаланып, құлаққапты алып, сауда орнынан шығып кеткен. Ұрының бұл әрекеті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Белгілі болғандай, ол құлаққапты ломбардқа өткізген.

Сондай-ақ күдікті өзінің қолға түспегенін пайдаланып, бір аптадан соң сол «Технодом» дүкенінде қайтадан ұрлық жасаған. Бұл жолы 79 990 теңге тұратын «SM-R177NZKACIS» маркалы құлаққапқа көзі түскен.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындаған. Қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Еске сала кетсек, кеше бас қаладағы супермаркеттердің бірінен екі жігіттің қымбат шоколадтар ұрлағанын жазған болатынбыз.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері