Нұр-Сұлтан 28.4°
×
23.10.2021, 12:38
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Дәстүрлі жәрмеңкеге СҚО-дан мың тоннадан астам өнім жеткізілді

Бүгін елордадағы дәстүрлі жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды. Нақты айтқанда өңірдің барлық 13 аймағы мен Петропавл қаласынан мың тоннадан астам азық-түлік жеткізіліп отыр, деп хабарлады Elorda.info.

Дәстүрлі жәрмеңкеге СҚО-дан мың тоннадан астам өнім жеткізілді
Фото: Оңалхан Өсерхан

«Бүгінгі жәрмеңкеге 110-нан астам үздік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысып жатыр. СҚО барлығы 100-ден астам тауар түрін ұсынды. Бағасы нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен», - деді СҚО әкімдігі Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мейрам Жақсылықұлы.

Енді бағаларға тоқталып өтсек, сиыр еті 2000 теңгеге, жылқы еті 2200 теңгеге, қой еті 1800 теңгеге, ал құс еті 850 теңгеге сатылып жатыр. Сондай-ақ шұжық, бакалея, сүт және көкөніс өнімдері кең ассортиментте ұсынылған.

Бүгінгі жауын-шашын мен желге қарамастан, елордалықтар таңертеңнен бері «Хан Шатыр» СОО жанындағы жәрмеңкені қызу сауда алаңына айналдыруда.

Бұл ретте СҚО жәрмеңкесі 23-24 қазанда өтеді десек, жалпы ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы 31 қазанға дейін жалғасады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері