Нұр-Сұлтан 18.8°
×
22.10.2021, 21:54
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтандағы "Номад" кешенінің күмбезі әйелдің үстіне құлады

Елорда тұрғынына "Номад" тұрғын үй кешені шатырының шыны күмбезі құлады, деп хабарлайды Elorda.info.

Нұр-Сұлтандағы "Номад" кешенінің күмбезі әйелдің үстіне құлады

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.

"Ми жарақатын алған әйел №2 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Қабылдау кезінде оның жағдайы ауыр болды. Жедел түрде ота жасалды. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр", – деді аталмыш басқарманың баспасөз қызметі.

Елорданың Полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Қатты жел салдарынан металл күмбез құлап, 56 жастағы әйелдің жарақат алғаны анықталды. Аталған факті бойынша "Есіл" аудандық полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды", – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері