Нұр-Сұлтан 27.8°
×
22.10.2021, 18:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада жаңа қоғамдық кеңістік ашылады

Жаңа қоғамдық кеңістік Есіл өзенінің жағалауындағы Қабанбай батыр даңғылында көпір астында абаттандырылады, деп хабарлайды Elorda.Info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап

Елордада жаңа қоғамдық кеңістік ашылады

«Бұл жерде сахна мен ойын аймағына арналған құрылымдар орнатылған. «Адамдарға арналған қала» тұжырымдамасы аясында қолжетімді кедергісіз орта құрылады. Көпірдің астында жаяу жүргіншілердің жүруі үшін пандус орнатылады. Айта кетейік, жағалау бойындағы веложол елорданың барлық саябақтарын байланыстырады. Жоспарға сәйкес, бос аумақта көлеңкелі шатырлар, театрландырылған қойылымдар, концерттер мен шығармашылық эксперименттер үшін импровизацияланған сахна орнату жоспарланып отыр», - деп жазады ведомство.

Жаңа қоғамдық кеңістікте ашық аспан астында концерттер өткізіп, тамақтану орындарын орнату жоспарлануда. Сондай-ақ, мұнда тыныш демалуға арналған орындар мен әткеншектері бар ойын алаңы ашылады.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері