Нұр-Сұлтан 13.9°
×
14.10.2021, 22:16
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Осы аптада елордада Тәуелсіздік даңғылындағы көпір құрылысы басталады

Соңғы жылдары елорданың шеткі аймақтарындағы жолдарды жөндеуге көбірек көңіл бөлініп жатыр. Бұл туралы астана әкімі Алтай Көлгінов ұлттық арнаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Elorda.info.

Осы аптада елордада Тәуелсіздік даңғылындағы көпір құрылысы басталады

“Былтыр қалада 174 көшені жөндеуден өткіздік. Соның 70-тен астамы шеткі аймақтарда орналасқан. Әдетте бұрыннан қалыптасқан стереотип бар ғой, елордада тек сол жағалауды жөндей береді деген. Олай емес. Қазіргі таңда шеткі аймақтарға көбірек көңіл бөліп жүрміз. Мәселен, Бөгенбай даңғылы, Қарасай батыр көшесі, Әуезов көшесі секілді бірқатар шеткі көшеге жөндеу жұмысын жасадық. Енді биыл жыл соңына дейін 115 көше жөндеуден өтеді”, – деді әкім.

Сондай-ақ Алтай Көлгінов қаладағы кептелісті азайту үшін көпірлерді көптеп салу керектігін айтты.

“Бүгінде елорданың әр тұстарында көпірлер құрылысы жүріп жатыр. Мысалы, Бөгенбай батыр даңғылының бойымен жүріп келе жатқанда халық аузында “горбатый мост” аталып кеткен көпірдің құрылысын келесі жылы аяқтаймыз. Осы аптада Тәуелсіздік даңғылы бойындағы көпірдің құрылысы басталады. Ұлы дала көшесінің бойында, жаңа теміржол вокзалына бара жатқан жолда да жаңа көпір салынуда, оның да құрылысын биыл аяқтау жоспарланып отыр”, – деді А. Көлгінов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері