Нұр-Сұлтан 26.7°
×
10.10.2021, 10:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорда жастары 5 пайыздық несиемен тұрғын үй ала алады

Нұр-Сұлтан қаласының жас отбасылары Elorda Zhastary тұрғын үй бағдарламасы жариялаған байқауға қатысып, жеңілдетілген несиеде үй сатып алуына болады, деп хабарлайды Elorda.Info.

Елорда жастары 5 пайыздық несиемен тұрғын үй ала алады
Фото: inform.kz

Жастардың үйлі болуына арналған бұл байқау 14-21 қазан аралығында өтеді. Ол арқылы төмен бағада баспана алуға мүмкіндік бар. Оған мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, мәдениет саласының қызметкерлері, спортшылар және т.б. қатыса алады. Жеңілдетілген несиенің пайыздық мөлшерлемесі – 5%, несиені қайтару мерзімі – 25 жыл. Қатысушылардың жасы 35-тен аспауы қажет, сондай-ақ соңғы бір жыл ішінде Нұр-Сұлтан қаласында таңдалған саласында ресми жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

Байқау туралы толығырақ https://qatysu2.zhilfond.kz/ біле аласыз.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері