Нұр-Сұлтан 19.8°
×
08.10.2021, 12:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Оқжетпес көшесіндегі учаске уақытша жабылды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Оқжетпес көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Elorda.info.

Оқжетпес көшесіндегі учаске уақытша жабылды

Оқжетпес көшесінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты осы жылдың 8-9 қазан аралығында К.Байсейітова көшесінен Көктал көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін толығымен жабылды.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», - делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері