Нұр-Сұлтан 17.1°
×
06.10.2021, 11:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалықтардың 80 пайыздан астамы тегін медициналық қызмет алады

Қазір міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы мемлекеттік мекемелерге тіркелу қолжетімді. Ал тұрғындардың өзі емделгісі келетінін таңдауы үшін елордада 36 медициналық мекеме дайын тұр, деп хабарлады Elorda.info.

Елордалықтардың 80 пайыздан астамы тегін медициналық қызмет алады

«Заң қабылданғаннан кейін мен Қазақстан азаматы ретінде міндетті медициналық сақтандыру жарнасын төлеп, ақысыз ем алу туралы шешім қабылдадым. Міндетті медициналық сақтандырудың арқасында МРТ сканерлеу қызметін тегін алдым. Қазір медициналық сақтандыру – пациенттер үшін емделудің жақсы әдісі. Өйткені бұрын бұл қызметтердің барлығы ақылы еді, ал қазір сақтандыру компаниясы төлейді», - дейді қала тұрғыны Таис Дуквагаева.

Міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде пациенттер қымбат тексерулерге тегін жіберіледі. Ол дәрігерлер үшін де тиімді. Өйткені көрсететін қызметтердің саны мен сапасына қарай жалақыға үстеме қосылады.

«Міндетті медициналық сақтандырудың шеңберінде дәрігер көп қызмет көрсетуге тырысады. Мысалы маман неғұрлым көп консультациялар жүргізсе немесе диагностикалық зерттеулер жасаса, соғұрлым жалақылары жоғарылайды. Емхана қызметкерлері сапалы қызмет көрсетуге тырысатындықтан, адамдар бізде тексерілуге, емделуге келеді», - дейді қалалық №9 емханасы мамандандырылған бөлімінің жетекшісі Светлана Королкова.

Еске сала кетсек, қазір Нұр-Сұлтанда 15 қарашаға дейін медициналық мекемелерге тіркелу науқаны жүріп жатыр. Тұрғындар қай мекенжайда тұратынына қарамастан, өзі қалаған емханаға тіркеле алады. Сондай-ақ МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізімі үнемі жаңартылып отырады. Дәрігерлер өздері ұсыныс жасап, оларды кейін медициналық сақтандыру қоры қарайды.

«Қазір Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 108 емдеу мекемесі бар. Оның 71-і – жеке емдеу мекемесі. Осы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры енгізілгеннен кейін бәсекелестік артты», - дейді ӘМСҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Осылайша, бүгінде елордада халықтың 80 пайыздан астамы міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған. Оларға 108 ұйымда тегін медициналық қызмет көрсетіледі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері