Нұр-Сұлтан -1.5°
05.10.2021, 16:38
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

2023 жылы елорда толықтай газдандырылады — Көлгінов

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорданың газдандырылу мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Elorda.info.

2023 жылы елорда толықтай газдандырылады — Көлгінов
Фото: Александр Куприенко

"Қазіргі таңда біз 645 шақырым газ тарату желісін салдық. Бұл Алматы және Сарыарқа аудандарында. Өздеріңіз білесіздер, жеке секторлар — "Көктал", "Көктал-1", "Көктал-2" және Агроқалашық. Онда 150 мыңнан астам адам тұрады. Алматы ауданында: Оңтүстік-Шығыс - оң жағы, сол жағы, одан әрі Теміржолшылар, Күйгенжар, Интернациональный ауылдары өтеді. Бұл елді мекендердің барлығы яғни, жеке сектор жəне тұрғын үй массивтері біздің шет аймақтар деп аталады. Қазір инженерлік желілер белсенді түрде жеткізілуде. Яғни, біз газға қолжетімділікті қамтамасыз етеміз, сонымен қатар әрбір үйге газды жеткізумен айналысамыз. Сарыарқа ауданында 500-ден астам адам газға қосылды, олар дəн риза", - деді Алтай Көлгінов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері