Нұр-Сұлтан 18.6°
×
05.10.2021, 10:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Полицейлер елорда тұрғындарына үндеу жасады

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына және қар жаууына байланысты жолда қауіпсіз жүру мақсатында автокөлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес береді, деп хабарлайды Elorda.info.

Полицейлер елорда тұрғындарына үндеу жасады
Фото: Сұлтан Сейітов

«Жолда өте мұқият және абай болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, көлікті кілт тежеуден аулақ болуды, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды ескертеміз. Жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше назар аудару қажет. Өз қауіпсіздіктеріңіз үшін құлаққаптарды алып тастауға және жолды кесіп өткен кезде телефонмен сөйлеспеуге кеңес береміз», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, елордада бір тәулік ішінде 96 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері