Нұр-Сұлтан 20.6°
×
25.09.2021, 18:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Нұр-Сұлтанда екі көше уақытша жабылады

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ПД Әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Тайбурыл мен Үшқоңыр көшелеріндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлады Elorda.info.

Нұр-Сұлтанда екі көше уақытша жабылады

Жөндеу жұмыстарына байланысты, 25-27 қыркүйек аралығында Игілік көшесінен Өндіріс көшесіне дейінгі көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз» делінген басқарма хабарламасында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері