Нұр-Сұлтан 15.9°
×
25.09.2021, 15:55
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алматы ауданы 1,5 мың түпке жуық ағаш отырғызды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының әкімдігі «Birge – taza Qazaqstan» жаңа экологиялық акциясы аясында 1,5 мың түпке жуық ағаш отырғызды, деп хабарлады Elorda.info.

Алматы ауданы 1,5 мың түпке жуық ағаш отырғызды
Фото: Сұлтан Сейіт

Жалпы, биыл елордаға 1 миллионнан астам ағаш отырғызылмақ. Оның 200 мыңы қала ішінде, ал 800 мыңы мегаполис айналасындағы жасыл белдеу аумағында бой тіктейді.

«Сенбілік аясында біздің ауданның өзінде 1,5 мың түпке жуық ағаш отырғызылды. Осылайша ауданымызды гүлдендіруге атсалысқан ардагерлерге және белсенді тұрғындардың барлығына алғыс айтамыз. Жалпы аудан бойынша осы күзгі сенбіліктерде 6 мың ағаш отырғызу жоспарланған», - дейді Алматы ауданының әкімі Ерлан Бекмурзаев.

Қазір қаладағы 4 аудан бойынша 600-ден астам қызметкер мен арнайы мамандар осы мақсатқа жұмылдырылып отыр. Экологиялық акцияға қатысушылар арасында қоғамдық ұйымдардың өкілдері, еріктілер мен елорда жастары да бар.

«Алматы ауданы бойынша «Birge – taza Qazaqstan» акциясы аясындағы ағаш отырғызу шарасы осымен үшінші апта жалғасын тауып жатыр. Биыл 1,5 түпке жуық ағаш отырғызу жоспарына жастардың атынан әр сенбі сайын еріктілермен бірге белсене атсалысып жатырмыз», - дейді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының волонтері Ерасыл Әбукенов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері