Нұр-Сұлтан 28.4°
×
24.09.2021, 17:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Синтетикалық есірткіні тұтынатындар көбеюі мүмкін» - елорда полициясы

Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық ПД бастығының орынбасары Айдос Рысбаев синтетикалық есірткінің кеңінен таралу қаупі бар екенін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

«Синтетикалық есірткіні тұтынатындар көбеюі мүмкін» - елорда полициясы

«Өткен кезеңде департаменттің бөлімшелері 145 қылмыстық іс қозғаса, оның ішінде 98-і сатумен айналысатын адамдарға қатысты болып отыр. Заңсыз айналымнан 114 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Есірткінің кең тараған түрлерін тәркілеу бойынша жүргізілген жұмыстар тұрғысында синтетикалық есірткілердің таралуының жаһандық қатері бар. Бұл есірткі арзан болғандықтан, оны алуға тырысатындардың саны артуы мүмкін. 2021 жылдың өткен кезеңінде қала аумағында синтетикалық есірткіні тарату мен сақтауға байланысты 141 факті анықталды. Осы орайда екі зертхананың жұмысына тосқауыл қойылды», - деді Айдос Рысбаев.

Оның айтуынша, жыл басынан бері синтетикалық есірткі түрлерін жарнамалауға жол бермеу бойынша арнайы жұмыстар жүріп жатыр. Есірткі сайттарын жарнамалауға байланысты 16 қылмыстық іс қозғалып, анықталған сайттар бұғатталған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері