Нұр-Сұлтан 16°
×
24.09.2021, 06:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда «Үйдегі дәрігер» жобасы дұрыс жүргізілмей жатыр

Елордада «Үйдегі дәрігер» жобасы аясында жоспарланған отбасылық денсаулық орталықтары мен дәрігерлік амбулаториялар ашылмай қалуы мүмкін. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы филиалының Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңесінде сөз болды, деп хабарлады Elorda.info.

Нұр-Сұлтанда «Үйдегі дәрігер» жобасы дұрыс жүргізілмей жатыр

Бүгінде қала бойынша 10 жобаның тек 7-еуі ғана ашылған. Ал медицина қызметкерлеріне арналған жатақханалар мен 100 орындық шағын отбасылық үлгідегі тұрғын үй құрылысы әлі басталмапты. Сондай-ақ заманауи жұқпалы аурулар ауруханасы мен ересектерге арналған оңалту орталығы және перзентхананың іргетасы да жоқ. Жоспар бойынша олар 2023-2024 жылдары ашылуы тиіс екен.

«Өңірлік кеңестен жоспарланған құрылыс учаскесіне Мәжіліс депутаты Лариса Павловецтің қатысуымен көшпелі мониторинг жүргізілді. Сонда бөлінген учаскелерде ешқандай құрылыс жұмыстары жүргізілмегені, сондай-ақ құрылыс басқармасында тиісті құжаттардың болмағаны анықталды. Өңірлік кеңестің мониторингі нәтижесінде 12.1, 12.3, 12.4-тармақтарды орындамау тәуекелі белгілі болды», - дейді «Nur Otan» партиясы жанындағы өңірлік қоғамдық кеңестің ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі төрағасы Динара Оразалина.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері