×
18.01.2023, 21:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елордалық ғалым марганецтен бояғыш алу технологиясын жасады

Жаңа технологияны құрылысқа қажетті шоколад түсті кірпішті жасау үшін қолдануға болады

Елордалық ғалым марганецтен бояғыш алу технологиясын жасады

ЕҰУ оқытушы-зерттеушісі Руслан Сафаров әріптестерімен бірге марганец кенінен тримарганец тетраоксиді бояғышын алудың жолын тапты, деп хабарлады Elorda.info

Жаңа технологияны құрылысқа қажетті шоколад түсті кірпішті жасау үшін қолдануға болады. Ғалымдар бұл әдісті коммерцияландыруды және өндіріске енгізуді жоспарлап отыр.

Тримарганец тетраоксиді бояғышын алудың жаңа технологиясы патенттелді. 2022 жылы жоба жетекшісі Руслан Сафаров әріптестерімен бірге Ғылым қорының грантын жеңіп алды. Бұл ғылыми әзірлемені коммерцияландыруға және өндіріске енгізуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда марганец кендерінің едәуір қоры бар. Олардан бояғыш алуға болады. Біз ғылыми зерттеу жүргізіп, оның қорытындысы бойынша тримарганец тетраоксидін алудің технологиясын таптық. Оның үлгісін сараптау үшін Көкшетау қаласындағы кірпіш зауытына тапсырдық. Мамандар біздің жасаған өнімнің сапасы жақсы екендігін растады, - деді ЕҰУ оқытушы-зерттеушісі, химия ғылымдарының кандидаты Руслан Сафаров.

Ғалым бүгінде бағдарламалау тілін меңгеріп, жаңа дағдыларды ғылыми жұмыстарында кеңінен қолдануда. Бұл өз кезегінде зерттеулердің аясын кеңейтуге жол ашты. 

Геохимиялық зерттеулерде біз нейрондық желілерді қолдана бастадық. Химия, геология, IT қиылысындағы ғылымдардың мұндай үйлесімі жаңа қызықты нәтижелер береді, яғни объектілерді әдеттегі қарау кезінде айқын емес заңдылықтарды табуға мүмкіндік жасайды. Мен өзім бағдарламалаумен, ақпараттық жүйелерді құрумен айналысамын. Сондықтан геохимия мен қоршаған орта объектілерін бақылау саласында машиналық оқытудың нейрондық желілер және басқа технологиялары сияқты компьютерлік модельдерді қолдану бағытын игеремін. Бұл зерттеу аясын кеңейтуге көмектеседі, - дейді Р. Сафаров. 

Ғалым әріптестерімен бірге қаланың тұрғын аудандарындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік аймақтардағы ластаушы заттардың, ауыр металдардың таралуын зерттейді. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері