Нұр-Сұлтан -11.9°
×
22.12.2021, 11:40
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада ұландар талмасы ұстаған ер адамды құтқарды

Нұр-Сұлтанда ұландар талмасы ұстап қалған ер адамды құтқарды, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада ұландар талмасы ұстаған ер адамды құтқарды

Гете көшесінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзетіп жүрген әскери жасаққа бір балақай жүгіріп келіп, жанар-жағармай құю бекетінде ер адамның құлап жатқанын айтады.

Жасақ бастығы қатардағы Нұрбол Ілиясов қарамағындағы патрульдер Шыңғыс Дінислам мен Ноян Сатайды ертіп, дереу тұрғынға көмекке келеді.

Сарбаздар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, есін жиюға көмектеседі. Жасақ жетекшісі науқастың денсаулығына алаңдап, жедел жәрдем шақырады да, олар келгенше оның халін бақылап отырады.

Ұландық жауынгерлер науқасты оқиға орнына келген медицина қызметкерлеріне табыстаған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері