Нұр-Сұлтан -11.7°
×
05.12.2021, 09:45
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалық ұландар көпірден секірмекші болған бозбаланы құтқарып қалды

Нұр-Сұлтанда көпірден секіргісі келген азаматты ҚР Ұлттық ұланының сарбаздары құтқарып қалды, деп хабарлады Elorda.Info.

Елордалық ұландар көпірден секірмекші болған бозбаланы құтқарып қалды
фото: ашық дереккөзден

Белгілі болғандай, өз еркімен өмірмен қоштасқысы келген азамат 2003 жылы туған. Аталған оқиға 3 желтоқсан күні түнгі сағат 21.30 шамасында болған. Оны Сарыарқа ауданының полиция басқармасына жеткізіп, мән-жайды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери қызметшілер азаматпен сөйлесіп, оны бастапқы ойынан бас тартуға шақырады. Осы сәтте жақында кетіп бара жатқан басқа да тұрғындар азаматтың оқыс қылық жасамауын өтінген. Кейін ұтымды сәтті пайдалана отырып, әскерилер мен азаматтар өмірі қыл үстінде тұрған жігітті көпірдің арғы жағынан алып шыққан. Содан соң оны жұбатып, әскери жасақтар бойынша кезекшіге тапсырады.  

«Көпірден секіргісі келген жігітті көріп, біз дереу соған қарай асықтық. Жігіт«Radisson» қонақүйінің қасындағы көпірде тұрды. Осы уақытта ол қоршаудың арғы жағына өтіп үлгерген еді. Жас жігіт көпірден секіріп суицид жасағысы келді», – дейді ұландық жауынгер Хәкімжан Сарбасов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері