Нұр-Сұлтан -0.8°
13.10.2021, 17:40
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорда тұрғындары көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды

Елорда полициясының 102 нөміріне таңғы сағат 07:20-да бір адамның көпірден секірмек болып тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы Elorda.info Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елорда тұрғындары көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Куәгер әйелдің айтуынша, киімін шешіп, көпірдің жақтауына таянған бойжеткеннің әрекеті біртүрлі күдік тудырған. Осыған байланысты әйел бойжеткенді әңгімеге тарта бастаған. Осы сәтте оларға жас жігіт жүгіріп келіп, көпірден секірмек болған қызды ұстап үлгерген. Қыз көпірден құлауға сәл-ақ қалған.

Осылайша, өмірінен күдер үзген бойжеткен ажалдан аман қалып, құтқаршылары оған басу айтып, полицияға тапсырған.

«Мен өзімді керемет батырмын демеймін. Болып жатқан оқиғаны көріп тұрып, дым болмағандай кетіп қала алмадым. Түптеп келгенде, өмірдің қандай да бір қиындығына тап болған адамға қол ұшын созу әрбіріміздің парызымыз», – дейді 28 жастағы қала тұрғыны.

«Сізге адам өмірін құтқарып, белсенді азаматтық әрекетіңіз үшін алғысымды білдіремін», - деді елорда полициясының бастығы Ержан Сәденов Елена Курочкина мен Дархан Жақсылықовқа алғыс хаттарын табыстай отырып.

Баласы Дарханды марапаттау рәсіміне әкесі келіп, елорда полицейлеріне қызметіне табыстар тіледі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері