×
17.03.2023, 12:52
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Медициналық мекемелерге ақпараттық жүйелерді жеткізушілерді таңдауда еркіндік беріледі

Үкіметте медициналық ақпараттық қызметтер нарығында монополияға қарсы әрекет ету шаралары талқыланды

Медициналық мекемелерге ақпараттық жүйелерді жеткізушілерді таңдауда еркіндік беріледі
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында медициналық ақпараттық қызметтер нарығында монополияға қарсы әрекет ету шаралары талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.

Мәселен, емханалар мен басқа да медициналық ұйымдарға ақпараттық жүйелерді жеткізушілерді таңдауда барынша еркіндік беру тетіктері қаралды. Бұл, қандай да бір компанияның нарықта үстемдік етуінің техникалық мүмкіндіктерін шектеуді білдіреді. Бүгінгі таңда медициналық мекемелердің таңдауы шектеулі, өйткені жеке компаниялар оларға жинақталған мәліметтер базасын бермеуге құқылы, бұл ауруханаларды сол жеткізушілермен ғана келісімшарт жасауға мәжбүрлейді. 

Сонымен қатар қазіргі уақытта ЦДИАӨМ Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, eHealth мемлекеттік платформасын құру бойынша жұмысты жалғастырып жатқаны, оның шеңберінде қажетті медициналық мәліметтері бар пациенттер туралы бірыңғай дерекқор қалыптастыру жоспарланып отырғаны атап өтілді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері