×
02.12.2022, 20:49
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Халық пәтер сатып алу үшін банктерден қанша ақша алды

Астанада – 1,29 трлн теңге, Алматыда – 1,02 трлн теңге

Халық пәтер сатып алу үшін банктерден қанша ақша алды
Фото коллаж: Halyq Uni

Банктер берген ипотекалық несиелердің саны 4 трлн теңгеге жетті, деп хабарлады Elorda.info. 

Ұлттық банктің мәліметіне қарағанда, 2022 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша қазақстандықтар баспана алу үшін 4,44 трлн теңге несие алған. Сонымен бірге биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша сома 3,3 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 34,5%-ға өскен.

Несие қай валютада берілгені туралы мәліметтерді алып қарасақ, қаңтар айымен салыстырғанда теңгемен несиелеу 34,3%-ға өссе, шетел валютасындағы несиелер керісінше 37,8%-ға төмендеген.

Өңірлік тұрғыда тұрғын үй сатып алуға ең көп қарыз Астанада – 1,29 трлн теңге, Алматыда – 1,02 трлн теңге, Қарағанды ​​облысы мен Ұлытауда – 284 млрд теңге.

Өз кезегінде, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы клиенттер аз белсенділік көрсетті – сәйкесінше 25,6 млрд теңге және 68,6 млрд теңге.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері