×
02.12.2022, 12:29
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде пәтерді жалға алу бағасы біртіндеп арзандап жатыр

Астанада – 2,5 пайызға, 4062 теңгеге дейін арзандаған

Елімізде пәтерді жалға алу бағасы біртіндеп арзандап жатыр
Фото: dailyhome.kz

Елімізде пәтерді жалға алу бағасы біртіндеп арзандап келеді, деп хабарлады Elorda.info Krisha.kz-ке сілтеме жасап.  

11 қалада 24 қараша мен 1 желтоқсан аралығындағы тарифтер азайған.

Соның ішінде жалға берілетін баспананың бағасы Оралда – 6,2 пайызға, 1 шаршы метрі 2 708 теңгеге дейін; Қостанайда – 4,7 пайызға, 3 174 теңгеге дейін; Петропавлда – 4,7 пайызға, 2 600 теңгеге дейін; Алматыда – 3,1 пайызға, 6 250 теңгеге дейін; Астанада – 2,5 пайызға, 4062 теңгеге дейін арзандаған.

1 желтоқсанда пәтерді жалға алу бағасы қыркүйектің басындағы деңгейге жеткен жоқ, –  делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері