Elorda.info

Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 11 трлн-нан астам теңге салық түсті

Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 43%-ға өсті 

Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 11 трлн-нан астам  теңге салық түсті

Соңғы 10 айда мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,4% орындалды. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info .

Жоспар бойынша 11 316,8 млрд. теңге белгіленіп, 382,0 млрд. теңгеге асыра орындаумен 11 698,8 млрд. теңге түсті, өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе немесе 3 400,2 млрд. теңгеге өсті, оның ішінде: Республикалық бюджет 101,1% орындалды (жоспар бойынша 7 867,3 млрд.теңге, 89,3 млрд. теңгеге асыра орындаумен 7 956,6 млрд. теңге түсті), өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе немесе 2 518,5 млрд. теңгеге өсті. Жергілікті бюджет 108,5% орындалды (жоспар бойынша 3 449,5 млрд.теңге, 292,8 млрд. теңгеге асыра орындаумен 3 742,2 млрд. теңге түсті) 2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,8% немесе 881,7 млрд. теңгеге өсті, - деп жазылған хабарламада.

Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің мұнайға салынатын экспорттық кедендік баждар және үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша 1,7 есе, ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС 57,2%-ға, корпоративті табыс салығы 51,8%-ға, пайдалы қазбалар өндірісіне салынатын салық 24,1%-ға және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС 16,9%-ға өсуі байқалады.

Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер еткен.

Соңғы 10 айда өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 46,9%, мырышқа 21,9%, алюминийге 13,9% және алтынға 0,6% бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 43,1%-ға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2021 жылғы 10 айында – 61,5$, 2022 жылғы 10 айында 1 тонна үшін – 88,0$).

Биыл соңғы  10 айда үшінші елдермен тауар айналымы 43,6%-ға өсті (экспорт 48,3%-ға, импорт 32,5%-ға өсті).

Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы 10 айда өткізу бойынша айналым 22,0%-ға (94 312 млрд. теңгеден 115 081 млрд. теңгеге дейін) ұлғайды.

Бөлісу!
жапсырмалар:

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Экономика