×
24.11.2022, 21:53
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Қазақстандықтардың қаржылай сауаты биыл 39,02 пайызды құрады

Биыл қаржылық мониторинг агенттігі әрекеті күмәнді 8,5 мың интернет ресурстың жұмысын бұғаттаған

Қазақстандықтардың қаржылай сауаты биыл 39,02 пайызды құрады
Фото: Ашық дереккөз

Қазіргі таңда жоғары білімі бар, көз ашық азаматтардың өзі қаржы алаяқтарының алдауына түсіп жатады, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Оған себеп - халықтың басым көпшілігі қаржылық қауіпсіздік дағдыларын білмейді. Бұл тенденция Қазақстанда ғана емес Еуропа мен Орталық Азия елдеріне де тән. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі, кадр жұмысы департаментінің директоры Нұрлан Адалиев мәлімдеді.

Ведомства өкілдері қаржылық қауіпсіздік дағдыларын мектеп қабырғасынан бастап қалыптастыру керек екенін айтады. Қазіргі таңда қаржылық қауіпсіздік бойынша 5-сыныптардан бастап модульді пән ретінде сабақ өтіледі.

Сондай-ақ спикер қаржылық алаяқтықтың үдеуіне интернет арқылы ұсынылатын қаржылық өнімдердің саны жыл сайын артып, оған қол жеткізе алатын адамдардың жасарып бара жатуы ықпал еткеніне ерекше назар аударды. Өйткені елімізде балалар 10 жастан бастап-ақ банк картасын қолдана алады.

Қазіргі таңда Қаржылық мониторинг агенттігі «Қаржы пирамидасы» секілді алаяқтық формасын құру мен жетекшілік етуге қарсы іс-қимыл механизмдерін іске қосып, жетілдірген. Қазір интернет арқылы алаяқтарға қаржы аудару  мүмкіндігін азайту үшін күмәнді сайттар мен әлеуметтік желілердегі аккаунттар анықталып, оларға тиым салынып жатыр. Тек осы жылы ғана  Қаржылық мониторинг агенттігі 8,5 мың осындай интернет ресурстың жұмысына тиым салды, - дейді Нұрлан Адалиев.

Сонымен қатар, оқушылар мен студенттердің бойында қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру үшін өңірлердегі Қаржылық мониторинг департаменттері мен орталық аппарат мамандары биылғы оқу жылында тұңғыш рет студенттер мен оқушыларға дәрістер өткізді. Онда банк карталары, интернет сауда, қаржы пирамидасы мен слудомания проблемасына қатысты ақпараттар берілді. Жыл басынан бері мұндай сабақтар 17 мыңнан астам оқушы мен студентті қамтыды. Мұндай лекциялар 300 мектеп, 34 ЖОО мен 40 колледжде оқылған.

Жалпы, қазақстандықтардың қаржылай сауаты көтеріліп келеді. Экономикалық даму және ықпалдастық ұйымының зерттеуінше биыл қаржылай сауат индексі 39,02%, былтыр ол көрсеткіш 39,52%-ды құраған еді.

 Негізі аталған индекс бойынша орташа халықаралық индекс 40%-ды құрайды. Сондықтан, бұл жаман нәтиже емес, - дейді Нұрлан Адалиев.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері