×
24.11.2022, 17:12
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қор нарығында доллар бағамы көтерілді

Доллар 3,13 теңгеге қымбаттады

Қор нарығында доллар бағамы көтерілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлады Elorda.info.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,13 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 465,95 теңге.

Ұлттық банктің 24 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 462,65 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астана бойынша сату бағамы – 463,7 теңгеден болса, сатып алу құны – 466,7 теңге.

Ал Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 464,5 теңге, сатып алу – 467,5 теңге.

Ресей рублі 7,34 – 7,39 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері