×
23.11.2022, 17:18
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Үкіметте бизнесті дамыту мәселесі талқыланды

Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында айтылған бірқатар бизнес мәселесі де талқыланды

Үкіметте бизнесті дамыту мәселесі талқыланды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлікті дамыту жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кеңес барысында кәсіпкерлік саласында «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу, бизнес субъектілерін мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін автоматтандыру, «Атамекен» ҰКП трансформациялау мәселелері қаралды.

Ұлттық экономика министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдар кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру, саладағы тәуекелдер матрицасын және тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін әзірлеу барысы туралы баяндады.

«Атамекен» ҰКП өкілдері Ұлттық кәсіпкерлер палатасын реформалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында айтылған бірқатар бизнес мәселесі де талқыланды.

Кеңес соңында Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері