×
23.11.2022, 19:46
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қор нарығында доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қор нарығында доллар арзандады

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,14 теңгеге төмендеп, 1 доллар 462,65 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 462 теңгеден болса, сатып алу – 465.

Ал Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 463,5 теңге, сатып алу – 467 теңге.

Ресей рублі 7,38- 7,43 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 23 қараша күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,64 теңге болды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері