×
16.11.2022, 16:22
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Үкіметте кәсіпкерліктің бірқатар өзекті мәселесі талқыланды

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді

Үкіметте кәсіпкерліктің бірқатар өзекті мәселесі талқыланды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Жиынға Парламент Мәжілісінің депутаттары, орталық атқарушы органдар мен «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты. 

Комиссия отырысында қатысушылар кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізіліміне енгізуге жататын нормативтік құқықтық актілерді, Денсаулық сақтау, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, «Атамекен» ҰКП-ның реттеушілік әсер ету, оның ішінде: Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау бойынша ұсыныстары талқылады. 

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері