×
27.09.2022, 11:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 399 жобаға гранттар берілді – министр

Кәсіпкерлік негіздеріне 75,1 мың адам оқытылды

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 399 жобаға гранттар берілді – министр
Фото: Ашық дереккөз

Өңдеу өнеркәсібі салаларындағы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 399 жобаға гранттар берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлады Elorda.info.

«Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне жоспар бойынша 30 мың адамның орнына 75,1 мың адам оқытылды.Шамамен 12 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бизнесті ашу және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын алу бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтер алды, - деді министр.

Сондай-ақ  министр технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өзара жеткізу, франшизалар сатып алу, бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері бойынша іскерлік байланыстарды кеңейту жөніндегі шетелдік бизнес-тағылымдамадан 33 адам өткенін айтты.

Биыл елдің жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің  үлесін 33,8%-ға дейін жеткізу, 175 мың жаңа жұмыс орнын құру, «Бастау бизнес» шеңберінде оқудан кейін өз ісін ашқан адамдардың үлесін 40%-ға дейін жеткізу, 700 мың адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің  белсенді шараларымен қамту, табысы ең төмен күн көріс деңгейінен аз ауыл  халқының үлесін 7,1 %-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр, - деді Ә.Қуантыров.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері