×
22.09.2022, 10:28
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде жәрдемақы электронды түрде рәсімделеді

Қазір 9 мың азаматтың құжаттары рәсімделіп жатыр

Елімізде жәрдемақы электронды түрде рәсімделеді
Фото: Ашық дереккөз

Қыркүйек айында 20 мыңнан астам қазақстандық жәрдемақы алу туралы хабарламаны электронды түрде алды, деп хабарлады Elorda.info.

«Хабар24» жазуынша, бұл бастама пилоттық негізде жүзеге асуда. Қазірдің өзінде 9 мың азаматтың құжаттары рәсімделіп жатыр. Болашақта мұндай төлемдерді алу үшін мемлекеттік органдарға бару қажет болмайды. Яғни бұл қызметтер проактивті түрде көрсетілмек.

Азаматтарға цифрлық технологиялар қолдана отырып, әр мекемеге бармастан мемлекеттік органдардағы бар ақпараттық жүйелерге сәйкес кепілдендірілген көмекті беру мәселесін бастап кеттік. Отбасылық карта дегеніміз осы, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері