×
16.08.2022, 21:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 254 млрд теңге жәрдемақы төленді

Республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 28,8 млрд теңге, асыраушысынан айырылылғандарға 8,6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 254 млрд теңге жәрдемақы төленді
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сайтынан

Қазіргі кезде мүгедектік бойынша 530 мың адам  мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады, - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі кезде мүгедектігіне байланысты төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 54 339 теңге, ал асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 47 763 теңге.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері