×
16.08.2022, 22:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде шетелге ақша аудару көлемі өсті

Соңғы жарты жылда елімізде  халықаралық ақша аударымдары жүйелері (СДП) арқылы шетелге 495,8 млрд теңге жіберілді. Бұл бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға артық, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде шетелге ақша аудару көлемі өсті
фото: ашық дереккөзден

Ranking.kz мәліметінше, Қазақстанда маусым айында шетелге рекордтық сома – 104,4 млрд теңге жіберілді.

Соңғы жарты жылда Қазақстаннан шетелге ақша аударымдарының жартысы Өзбекстанға (130 млрд тг) және Түркияға (118,5 млрд тг) жіберілді.

Аударымдардың айтарлықтай көлемі Ресейге (86,2 млрд тг), Қырғызстанға (55,2 млрд тг) және Грузияға (39,9 млрд тг) тиесілі болды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері