Elorda.info

Қазақстанда автоөндіріс қанша пайызға артты

Биылғы 6 айда елдегі машина жасау өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай баламада 37 процентке өсті, деп хабарлады Elorda.info.

24.kz мәліметінше, салаға құйылған инвестициялар да былтырға қарағанда 23 процентке ұлғайды.

Премьер-министр Әлихан Смайылов отандық автоөндірісті қолдау шаралары кеңейтілетінін айтты.

Бүгін Үкімет үйінде өткен арнайы кеңесте қазақстандық машина жасау саласы мен өңдеу секторындағы кәсіпорындарды қолдау шаралары талқыланды. Әлихан Смайылов сатып алулар кезінде жергілікті үлесті ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Экономика