Биыл қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның Ресеймен тауар айналымы 7,2 млрд АҚШ долларына жетті, деп хабарлады Elorda.info.
Finprom.kz мәліметі бойынша, Ресей мен Қазақстанның тауар айналымы бір жылда 6%-ға өсті, ал тікелей импорт 7%-ға өсті. Елімізге импорттың негізгі санаты – көлік, жабдық, аспап пен аппараттар. Екінші және үшінші орындарды металдар мен олардан жасалған бұйымдар алды. Бұл тізімге өсімдік өнімдері мен дайын азық-түлік тауарлары да жатады.
Көрші елден көлік пен жабдықтар сияқты негізгі санаттағы импорт бірден 16 пайызға төмендеді.