×
06.07.2022, 17:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Отандық ет өндірушілер Өзбекстанға экспортты ұлғайтады

Қазақстанның 19 мал шаруашылығы өнімін өндірушісі өз тауарын Өзбекстанға экспорттау құқығына ие болды. Тиісті келісімге Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашөкеевтің Ташкентке сапары барысында қол жеткізілді, деп хабарлады Elorda.info министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Отандық ет өндірушілер Өзбекстанға экспортты ұлғайтады
фото: ашық дереккөзден

4-6 шілде аралығында Өзбекстан астанасында Түркі агро-форумы, Түркі мемлекеттері ұйымы мен Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ауыл шаруашылығы министрлерінің кеңесі өтіп жатыр.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Өзбекстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен кездесті. Тараптар халықаралық күн тәртібінің маңызды аспектілері, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі және гуманитарлық дағдарыс мәселелері бойынша пікір алмасты. Cондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту ниеттерін пысықтады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда ТМҰ елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық жеткізілімін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бар.  Сондай-ақ біз терең қайта өңдеу тауарларын жеткізуді ұлғайтуға қызығушылық танытып отырмыз, - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін тізілімге 37 қазақстандық кәсіпорын енгізілген болатын. Өзбек тарапына Қазақстанның ветеринария жүйесіне толық шолу жасау қорытындысы бойынша ветеринарлық қызметтің кепілдігімен тағы 19 мал шаруашылығы өнімін өндіруші экспорттау құқықығына ие болды. Нәтижесінде қазіргі Өзбекстанның тізілімінде 56 қазақстандық кәсіпорын бар.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері