Нұр-Сұлтан 16.1°
×
29.06.2022, 12:55
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда жарнама агенттіктеріне сұраныс азайды

Жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы қызметтер көлемі 58 млрд теңгені құрады, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанда жарнама агенттіктеріне сұраныс азайды
фото: ашық дереккөзден

Energyprom.kz мәліметі бойынша бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда құндық мәнде 19,6 пайызға аз.

2022 жылдың бірінші тоқсанында сектордағы көрсетілетін қызметтер көлемі 72,1 млрд теңгеге жетті. Сектордағы көрсетілетін қызметтер көлемінің құлдырауы жарнама агенттіктерінің қызметі саласындағы көрсеткіштердің күрт қысқаруына байланысты.

Өз кезегінде, бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама орналастыру саласындағы қызметтер көлемі, керісінше, 2,8 млрд теңгеге дейін өсті. Маркетингтік және талдамалық зерттеулерге сұраныс өсті.

Өңірлік бөліністе жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы көрсетілетін қызметтердің ең көп көлемі Алматы және Нұр-сұлтан қаласында көрсетіледі.

Ең әлсіз көрсеткіш Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында байқалады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері