Нұр-Сұлтан 9.9°
×
21.06.2022, 14:26
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде балалар аяқ киімі қымбаттады

Қазақстанда аяқ киім жылына 10 пайызға, балалар аяқ киімі 14 пайызға қымбаттады, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Елімізде балалар аяқ киімі қымбаттады
фото: ашық дереккөзден

Елімізде  аяқ киім өндірісі 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында 546 мың жұпты құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға аз.

Өңірлер арасында ең үлкен өндіріс көлемі Алматыда (253,3 мың), одан кейін Жамбыл (73,4 мың) және Алматы (57,9 мың) облыстарында болды.

Отандық аяқ киім кәсіпорындары 2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша аяқ киімге сұранысты (ішкі нарықта өткізу плюс экспорт) тек 4,2%-ға, өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 2%-ға ғана қамтамасыз етті.

2022 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша аяқ киім бағасы бір жылда 9,7%-ға өсті. Бұл соңғы төрт жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Өңірлер бөлінісінде бағаның өсуі Қостанай облысында, Маңғыстау облысында байқалды. Сондай-ақ, Қызылорда облысында, Шымкентте және Түркістан облысында айтарлықтай өсім байқалды.

Бір жыл ішінде балалар аяқ киімі 14,2%-ға қымбаттады. Әйелдер аяқ киімі 8,8%-ға, ал ерлер аяқ киімі 7,9%-ға өсті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері