Нұр-Сұлтан 22.9°
×
27.05.2022, 13:17
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумының бас директорымен кездесті

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ бас директоры Николай Горбань қазақстандық мұнайды экспортқа тасымалдау бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлады Elorda.info.

Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумының бас директорымен кездесті
Фото: primeminister.kz

Кездесу барысында атап өтілгендей, қазіргі кезде мұнай құбырының өткізу қабілетіне қойылған шектеулер алынып тасталды және қазақстандық жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау толық көлемде қалпына келтірілді. Айлақтың барлық құрылғылары жұмыс істеп тұр.

КҚК теңіз терминалында зақымдалған жылжымалы айлақ құрылғыларын жөндеу жұмыстары аяқталғанына қуаныштымыз. Бұл шектеулерді алып тастауға және Қазақстанда мұнай өндіруді толық көлемде қалпына келтіруге мүмкіндік берді, — деді Премьер-министр.

Әлихан Смайылов Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасы аяқталғаннан кейін қосымша мұнай көлемін тасымалдау үшін КҚК құбыр жүйесінің осал жерлерін жою жобасын уақытылы іске асырудың маңыздылығына тоқталды.

КҚК мұнай құбырын одан әрі апатсыз және үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ету аса маңызды. Бұл үшін барлық қажетті шараларды қабылдау керек деп санаймын, — деді Үкімет басшысы.

КҚК мұнай құбыры Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған ірі кен орындарынан мұнай экспорттаудың ең төте жолын және неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларды қамтамасыз етеді. 2021 жылы Қазақстаннан құбыр арқылы 53,1 млн тонна мұнай, 2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында 18,7 млн тонна мұнай тасымалданды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері