Жеңілдетілген автонесие резервінде 8 мың көлік бар. Бұл жайында Қазақстанның автобизнес қауымдастығының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Қайрат Еламанов мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Олардың басым бөлігі – Chevrolet. Өйткені, соңғы айларда осы марканың танымалдығы артты. Одан кейінгі орындарда – Hyundai, Kia, Jac, «Лада» көліктері тұр. Автомобиль жеткізуге қатысты айтар болсақ, зауыттар өз жоспарларымен жұмыс істеп, мүмкіндігінше өндіріс көлемін арттыруда. Жалпы, апта сайын дилерлік орталықтарға көліктер жеткізіліп жатыр. Сондықтан да резервтегі 8 мың автомобиль бүкіл бағдарламаға жасақталмаған. Яғни, апта сайын автосалондарға жаңа көліктер жеткізіледі, - деді ол.