Нұр-Сұлтан 14.5°
×
23.05.2022, 17:05
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қор нарығында доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қор нарығында доллар арзандады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,23 тиынға арзандады. 1 доллар 424,84 теңге болды.

Ұлттық банктің 23 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 425,02 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 424,80 теңге, сатып алу – 429,08 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,18 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 427 теңге.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері