×
17.05.2022, 11:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мал шаруашылығы өнімдері бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр – Қарашөкеев

Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мал шаруашылығының бірқатар өнімдері бойынша импортқа тәуелділік сақталып отырғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Мал шаруашылығы өнімдері бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр – Қарашөкеев
фото: ашық дереккөзден

Соңғы жылдары мал шаруашылығының генетикалық әлеуеті айтарлықтай ұлғайды. Мемлекеттік қолдау іс-шараларын күшейту есебінен асыл тұқымды малдың барлық түрлері бойынша үлес салмағы артты. Мысалы, асыл тұқымды ір қара малдың үлес салмағы ірі қара малдың жалпы басына шаққанда 7-ден 13 пайызға дейін өсті. Сондай-ақ, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстармен айналысатын фермерлік шаруашылықтардың саны 2021 жылы 6 мыңнан 30 мыңға дейін ұлғайды, – деді Е. Қарашөкеев.

Осы ретте, министр мал шаруашылығы саласының даму қарқыны еліміздің қолда бар әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес келмейтіндігін айтты.

Мал шаруашылығы өнімдерінің бірқатары бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр. Атап айтқанда, құс еті, ет және сүт өнімдері бойынша терең қайта өңдеу тек өңірлік қана емес, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін әлемдік экспорттаушылардың арасында болуға мүмкіндік береді, – деді ол.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері