Нұр-Сұлтан 14.5°
×
16.05.2022, 12:32
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жеңілдетілген автонесиені 4%-бен беретін 4 банк белгілі болды

Жеңілдетілген автонесиені 4%-бен беретін 4 банк анықталды, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жеңілдетілген автонесиені 4%-бен беретін 4 банк белгілі болды
фото: ашық дереккөзден

Жеңілдетілген атонесиенің сыйақы мөлшері – 4 пайыз, қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды. Несие көлемі 10 млн теңге болады, яғни Қазақстанда шығарылған көліктің құны 15 млн теңгеден аспауы керек. Бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна көзделмеген. Дегенмен, автокөліктің құны 10 млн теңгеден асатын болса, несиеге өтініш білдіруші азамат жетіспейтін ақшаны өз қаражаты есебінен толтырады, – деді «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Ғалымжан Әди.

Оның мәліметінше, қазір осы бағдарламаға қатысатын 4 банк таңдап алынған. Олар: «Халық банк», «Банк ЦентрКредит», «Форте банк» және Еуразиялық банк».

Бұлардың қатары әлі де кеңеюі мүмкін. Қазір өнеркәсіпті дамыту қоры басқа банктердің де өтініштерін қарастырып жатыр. Ол өтініштер мақұлданса, банктер саны көбейеді. Бұл бағдарламаның ерекшелігі бар. Неғұрлым көп адам алу үшін бір азамат мұндай несиені 2 жылда бір-ақ рет ала алады, – деді Ғ. Әди.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері