Нұр-Сұлтан 25.3°
×
13.05.2022, 17:01
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Биыл елордада азық-түлік өндіретін 2 зауыт іске қосылады – Ержан Балтаев (ВИДЕО)

Биыл елордада азық-түлік өндіретін 2 зауыт іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев YouTube желісіндегі El-Orda арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Elorda.info.

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында біз Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп 8 жоба бойынша жол картасын дайындадық. Соның аясында биыл 2 зауыт іске қосылады деп жоспарлап отырмыз. Одан бөлек басқа да жобалар бар, – деді басқарма басшысы.

Оның сөзінше, бұл 8 жобаның ішінде әртүрлі азық-түлік өнімдерін шығаратын зауыттар бар.

8 жобаның ішінде қияр, қызанақ және салат өсіретін 2 жылыжай, тәулігіне 100 литрге дейін өнім өндіретін сүт зауыты, нан шығаратын зауыт, кондитерлік зауыт бар, – деді Балтаев.

Сондай-ақ ведомство басшысы елордадағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру және халықты азық-түлікпен қамту мақсатында бюджеттен 14 млрд теңге бөлінгенін айтты.

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы форвардтық шарттар жасалады. Бөлінген 14 млрд теңгеге шамамен 5 айдай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 30%-ымен қамту жоспарланып отыр. Мысалы, бүгінде «Магнум» және «Ақмол» дүкен желілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөнінде шарттар жасалды, – деді басқарма басшысы.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері