Нұр-Сұлтан 9.2°
×
18.04.2022, 17:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Биыл азық-түлік бағасы 15,4% қымбаттаған

Биыл наурызда азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жылдық мәнде 15,4% жеделдеген, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл азық-түлік бағасы 15,4% қымбаттаған
Фото: ашық дереккөз

Наурызда Қазақстанда тұтыну бағасы 3,7%-ға өсіп, 1996 жылдан бастап осы ай үшін ең жоғары мәнді көрсетті, жылдық мәнде баға 12% өсті.

Биыл ақпанда инфляция 8,7% болды. 2022 жылғы наурызда азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жылдық мәнде 15,4% болды, ақпандағы көрсеткіш – 10%. 2021 жылғы қарашада нан-тоқаш өнімдері мен жармалар қымбаттай бастап, астық дақылдарының төмен түсімділігіне және әлемдік бағаның жоғары болуына байланысты жалғасты. Майлар мен тоң майлар, сүт өнімдері мен ет бағасының өсуі жеделдеді. Дүрлікпе сұраныс қант бағасының өсуін жеделдетуге ықпал етті. Бағаның өсуін жеделдетуге жемістер мен көкөністердің қымбаттауы елеулі үлес қосты, ал көкөністер арасында қырыққабат, пияз, сәбіз, қызанақ және картоп бағасы айтарлықтай өсті. 2022 жылғы наурызда жылдық азық-түлік емес тауарлардың инфляциясы – 10,9%, ақпандағы көрсеткіш – 8,6%.

Теңге бағамының әлсіреуі тауарлардың барлық тобы бойынша бағаның өсуіне әсер етті. Көліктер микрочиптердің жетіспеушілігіне байланысты қымбаттады. Импорт бағасының өсуіне байланысты киім мен аяқ киім, дәрі-дәрмек бағасының өсуі жеделдеді. Ақылы қызметтер бағасының жылдық өсу қарқыны 2022 жылғы наурызда 8,3% болды, ақпандағы көрсеткіш – 7,1%. Тұрмысқа жайлы тұрғын үйді жалға алу бағасы сұраныстың артуы және тұрғын үй сатып алу құнының өсуіне байланысты артты. Сондай-ақ амбулаториялық қызметтердің бағасы да өсті.

Карантин шектеулерінің жойылуы сұраныстың өсуіне және шаштараздар, мәдениет және демалыс қызметтері, мейрамханалар мен қонақүйлер бағасының өсуіне әкелді. 2022 жылғы наурызда өңдеу өнеркәсібіндегі өндірушілер бағасының өсуі – 23,3%, ақпандағы көрсеткіш – 21%. Жылдық мәнде бағаның өсуі 16,5% құраған тамақ өнімдерінің құрылымында жанар-жағармай бағасы, электр энергиясы және жем-шөп дақылдарының қымбаттауы аясында ет және сүт өнімдерін өндірушілер бағасының өсуі жеделдеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері