Нұр-Сұлтан 9.2°
×
12.04.2022, 11:19
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ұлттық банк өсімдік майының қымбаттау себебін айтты

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов өсімдік майының қымбаттау себебін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық банк өсімдік майының қымбаттау себебін айтты
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда шикізат пен материалдардың бағасы Ресейге қарсы санкцияларға байланысты логистикалық іркілістердің әсерінен тез өсті. Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс аясында экспорттық жеткізілімдердің азаюының әсерінен өсімдік майының бағасы бір айда 23,2 пайызға және дәнді дақылдар 17,1 пайызға өсті, – деді Ғ. Пірматов.

Оның сөзінше, геосаяси жағдайлар шикізат пен азық-түлік бағасына әсер етеді.

Қазақстан үшін сыртқы инфляциялық фон 2022 жылы жеткізу тізбегі проблемаларының сақталуымен, азық-түлік пен шикізат бағасының өсуімен, сондай-ақ құнсызданумен қатар геосаяси тәуекелдердің жүзеге асуына байланысты қолайсыз болады, – деді ол.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері