Нұр-Сұлтан 16.1°
×
11.02.2022, 20:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Қазақстанда қанша ғалым әйел бар

Бүгін халықаралық ғылымдағы әйелдер мен қыздар күні. Осыған орай Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ғылымда жүрген қазақстандық әйелдерді құттықтады, деп хабарлайды Elorda.info ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда қанша ғалым әйел бар

Қазақстандық ғылым саласында 10 мыңға жуық әйел бар. Олардың 714-і ғылым докторы, 2427 әйел – ғылым кандидаты, 992-сі – PhD докторы, 28-і – бейіндік докторлар. Осыншама нәзік жандар ғылым саласында тынымсыз еңбек етіп жүр, – деді министр.

Оның айтуынша, олардың қатары артып келеді.

Жыл сайын ғылымдағы әйелдер саны артып келе жатқанына қуаныштымын. Бүгінде олар еліміздегі жалпы ғалымдар санының 54%-ын құрайды, – деді А. Аймағамбетов.

Коронавирус пандемиясымен күрес кезінде қазақстандық ғалым әйелдер аянбай еңбек етті. Мысалы, Күнсұлу Закарьяның басшылығымен Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында COVID-19-ға қарсы қазақстандық QazCovid-in (QazVac) вакцинасы дайындалған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері