Нұр-Сұлтан 19°
×
09.02.2022, 12:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Ғалымдар сал ауруына шалдыққан адамдардың аяқтан тұруына көмектесетін имплантат ойлап тапты

Израиль ғалымдары адам жасушаларыгаг жұлын имплантатын жасап шығарды. оны ұзақ уақыт бойы сал ауруына шалдыққан зертхана тышқандарына имплантациялап көрген. Трансплантациядан соң кеміргіштер жүре алатын болған, деп хабарлайды Elorda.info тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Ғалымдар сал ауруына шалдыққан адамдардың аяқтан тұруына көмектесетін имплантат ойлап тапты

Жаңа әдістің клиникалық сынақтары үш жылдан соң басталады. Болашақта бұл жаңалық омыртқасы зақымданған науқастардың қайтадан аяқтан тұрып, қозғалуына мүмкіндік береді.

Имплантатты жасап шығару үшін ғалымдар науқастың ішінен аздаған май тіндерін алған. Бұл тінде, адам ағзасындағы басқа да тіндер секілді, коллаген және қант тәрізді заттардан тұратын жасушаішілік матрикстер мен жасушалар бар. Жасушаларды жасушаішілік матрикстерден ажыратқан соң, ғалымдар гендік инженерия көмегімен жасушаларды қайта бағдарламалап, эмбрионның бағана жасушасын еске түсіретін қалыпқа қайта алып келді. Бұдан соң пробиркада жұлын өсіріледі.

Тышқандарға үш адамның жасушаларынан өсірілген имплантаттар қолданылған. Адамдарға келгенде, ғалымдар сол науқастың өзінің биоматериалдарын пайдаланады. Бұл адамның иммунитетін баспастан трансплантация жасауға мүмкіндік береді. 

Имплантатты салған соң ұзақ уақыт сал болып келген тышқандардың 80%-ына жүру қабілеті оралған. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері