Нұр-Сұлтан 16.1°
×
25.01.2022, 20:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Илон Маск күннен қуат алатын смартфон шығарды

Tesla компаниясы күн сәулесінен зарядтауға болатын алғашқы смартфонды таныстырды, деп хабарлады Elorda.info Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Илон Маск күннен қуат алатын смартфон шығарды

Tesla Phone-ның мүмкіндігі жоғары әрі бүгінгі таңда нарықтағы ең мықты смартфондамен бәсекеге түсе алады.

Смартфонның ерекшелігі – жарты сағат ішінде күн сәулесімен 20% қуаттауға қабілетті. Күн панелі құрылғының артқы жағында орналасқан.

Телефонды электр қуатын іздемей-ақ, алаңсыз саяхатқа алып шығуға болады. Ал қолданыстағы көп смартфонда мұндай мүмкіндік жоқ.

Сонымен қатар, Tesla Phone Starlink ғаламдық спутниктік жүйесіне тікелей қосылып, кез-келген жерден жоғары жылдамдықты спутниктік интернетті еркін қолдана алады. Смартфон сатып алушылар үшін желі тегін және шексіз қолжетімді болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері