Нұр-Сұлтан 16.3°
×
21.01.2022, 19:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада №21 автобустың маршруты ұзарды

24 қаңтардан бастап А. Байтұрсынов көшесіне көліктік қызметті жақсарту мақсатында № 21 бағдардың қозғалыс сызбасы «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін ұзартылады. Бұл туралы Elorda.info «City Transportation Systems» ЖШС-нің instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

Елордада №21 автобустың маршруты ұзарды

Бағдар қозғалысы келесідей: «Сарайшық» ТК» аялдамасына дейін өзгеріссіз, ары қарай Жұмабаев көшесімен тура, солға А. Байтұрсынов көшесімен «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін.

Сондай-ақ 24 қаңтардан бастап «Ақан Сері көшесі - «Айнабұлақ» саяжай алабы» бағытында қатынайтын №69 қалалық бағдардың қозғалысы қалпына келтіріледі.

Бағдар бекітілген кестеге және қозғалыс сызбасына сәйкес жүреді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері